Aminok



Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Экономика және Бизнес Жоғары Мектебі

Менеджмент және маркетинг кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының экономика саласындағы Министрліктерінің құрылымдары және олардың функциялары»

Орындаған: Баржақсыева Ә.А.

МжЖБ 13 К

Қабылдаған: Смагулова Г.С.

Алматы – 2014 ж.

Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты. Мемлекеттің белгілері:

мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;

мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);

мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;

мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;

мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамды тәртіп орнатады.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік билікті басқарудың 3 тармағы бар:

1.Заң шығарушы.

2.Атқарушы.

3.Сот ісі.

Заң шығарушы

Парламент Сенат Мәжіліс 47 107

Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, оның он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – алты жыл.

 Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан жасырын дауыс беру арқылы Палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен сайланған Төраға басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады.

 Мәжіліс жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутаты саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.

Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Мәжіліс сайлаған Төраға басқарады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.

Атқарушы

ҮкіметПремьер-министрБілім, ауыл шар/қ, денсаулық сақтау, т.б.

Сот билігі

АуданОблысЖоғарыӘскери

Қазақстан Республикасының Министрлік орталығы:

1.ҚР Ішкі істер министрлігі

2.ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

3.ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

4.ҚР Сыртқы істер министрлігі

5.ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

6.ҚР Білім және ғылым министрлігі

7.ҚР Қорғаныс министрлігі

8.ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі

9.ҚР Өңірлік даму министрлігі

10.ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

11.ҚР Көлік және коммуникация министрлігі

12.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

13.ҚР Қаржы министрлігі

14.ҚР Мұнай және газ министрлігі

15.ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

16.ҚР Экономикалық ықпалдастыру істері министрлігі

17.ҚР Әділет министрлігі

18.ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

19. ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі

Қазақстан Республикасының экономика саласындағы Министрліктің негізгі департаменттері:

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

Атауы

Атқаратын функциясы

1

Интерполдың ұлттық орталық бюросы

Халықаралық iздестiрудi ұйымдастыру

2

Ішкі әскерлер комитеті

Сотталған және қамауға алынған адамдарды айдап апару;

Ішкі істер органдарымен бірлесіп қоғамдық тәртіпті сақтауға, қоғамдық тәртіпті жаппай және топтасып бұзушылықтардың жолын кесуге, қоғамдық қауіпсіздікті және төтенше жағдайдың құқықтық режимін, терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз етуге қатысу, терроризмге қарсы операция жүргізуге қатысу, төтенше жағдайлардың (дүлей зілзалалардың, ірі авариялар мен апаттардың) зардаптарын жоюға қатысу;

соғыс кезiнде Қазақстан Республикасының аумағын қорғау жүйесiнде жекелеген мiндеттердi орындау;

заңсыз қарулы құрамаларға қарсы күресу;

ерекше қауiптi құқық бұзушылықтардың, диверсиялардың, терроризм актілерінің, қарулы қақтығыстардың жолын кесу және тайталасушы тараптарды ажырату;

Қазақстан Республикасының заңнамасымен Ішкi әскерлерге жүктелген басқа да мiндеттердi шешу.

3

Криминалдық полиция комитеті

Қылмыстарды ашу, алдын алу, жою және тергеу; Ішкі істер органдарының қарауына жататын қылмыстар жөніндегі істер бойынша анықтауларды жүргізу, тергеу амалдарынан, ісін жалпы анықтаудан және соттан, қылмыстық жазасын өтеуден жалтарып жүргендерді, хабарсыз жоғалып кеткендерді іздестіруді ұйымдастыру мен жүзеге асыру.

4

Тергеу комитеті

Комитет органдары қызметiнiң басым бағыттарын айқындау, оларды жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық тетiктерiн әзiрлеу;      Орталықтандырылған криминалистiк, жедел iздестiру және ақпараттық-анықтамалық есеп жүргiзу;

5

Кадр жұмысы департаменті

Министрлікке енгізу үшін ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеру, сондай-ақ оларды зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша ведомстволық нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстарды әзірлейді; ішкі істер органдары мен бөліністері үшін кадрлар даярлығын, біліктілігін арттыру мен қайта даярлығын ұйымдастырады;

6

Әкімшілік полиция комитеті

Қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен әкімшілік тәртіп бұзушылықтарды ашу, алдын алу және тоқтату, қылмыстарды ашу, анықтау менәкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру, ұсталған және тұтқындалған, тұратын орны, құжаттары жоқ адамдар ұсталатын орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету. Сонымен біргекәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қараусыздықты және құқық бұзушылықты ашу және тоқтату, жол қатынасы кауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік қадағалау, бақылау,төлқұжат беру жұмысын жүзеге асыру.

7

Техникалық қызмет департаменті

Ақпараттық технологияның қәзіргі таңдағы даму дәрежесін ескере отырып,ішкі істер органын техникалық жағынан қаруландыру және ақпаратты қамтамасыз ету саласында ғылыми-негізделген бір жүйелі саясатты жүзеге асырып,қалыптастыру;

Ішкі істер органының ақпаратты есептеу жүйесінің ақпаратты ресурстарын бөлудің интегралды жолдарын анықтау;

Ішкі істер органының ақпараттар желісі мен байланыс кешенді жүйесін,оның күнделікті қызметте тұрақты және төтенше жағдайлар болған жағдайда жетілдіруге,дамытуға,құруға;

8

Заң департаменті

құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;- Министрлік қызметiнде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;- өңірлік даму, жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық, елді мекендердің шекарасы (шектері) шегінде сумен жабдықтау және су бұру, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және газбен жабдықтау салаларында мемлекеттік реттеу, сондай-ақ, жер ресурстарын басқару, геодезиялық және картографиялық қызмет салаларындағы заңнаманы қолдану тәжірибесін қорыту;- өңірлік даму, жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық, елді мекендердің шекарасы (шектері) шегінде сумен жабдықтау және су бұру, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және газбен жабдықтау салаларында мемлекеттік реттеу, 

9

Өзіндік қауіпсіздік департаменті

ІІО қызметкерлері жасаған қылмыстардың, сондай-ақ ІІО қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне қатысты жасалған қылмыстардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

Қызметкерлердің жемқорлыққа қарсы заңнама мен қызметтік этика нормаларын бұзу фактілері бойынша қызметтік тексерістер жүргізеді;

Қызметкерлер жасаған және өзіндік қауіпсіздік бөліністері анықтаған, сондай-ақ ІІО қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне қатысты жасалған және т.б. қылмыстар бойынша өз бетінше алдын ала тергеуді және анықтауды жүзеге асырады.

Экономикалық даму және сауда министірлігі

Атауы

Атқаратын функциясы

Басшысы

1

Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті

Стратегиялық жоспарлау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдаманы әзірлеу бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру.

Анар Әбдуәлиқызы Байтүкелова

2

Әлеуметтік және көші-қон саясаты департаменті

Әлеуметтік, демографиялық, гендерлік теңдік салаларында мемлекеттік саясатты жетілдіру, әлеуметтік және экономикалық даму мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл бойынша жұмысты үйлестіру. Халықтың көші-қоны саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу

Пернебаева Жұлдыз Үсенқызы

3

Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерін болжамдау, талдау және мониторингілеу. Әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын есепке ала отырып мемлекеттік органдардың экономикалық саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша жұмыстарын үйлестіру және ұсыныстар әзірлеу. Ел экономикасының орнықты өсуін қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалық құжаттарды әзірлеу.

Өмірзақова

4

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау саясаты департаменті

Табиғи монополиялар саласында, реттелетін нарықтарда мемлекеттік саясатты қалыптастыру, сондай-ақ бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу бойынша ұсыныстарды әзірлеу.

Майтиев Азамат Бақдәулетұлы

5

Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті

Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, мемлекеттік органдардың қызметін бағалау жүйесін әдіснамалық қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету саласында мемлекеттік саясатты дамыту.

Құдайбергенова

6

Халықаралық экономикалық интеграция департаменті

Қазақстан Республикасының Кеден одағына (КО) және Бірыңғай экономикалық кеңістікке (БЭК) қатысуы шеңберінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, ұсыныстар әзірлеу. КО және БЭК шеңберінде қабылданатын шешімдерді талдау және мониторингілеу.

Бакенов Ернар Бахытжанұлы

7

Халықаралық ынтымақтастық департаменті

Халықаралық экономикалық қатынастар, халықаралық рейтинг агенттіктерімен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша меморгандарды үйлестіру саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру. Өңірлік интеграциялық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдар шеңберінде ынтымақтастықты дамыту.

Төребаев Қайрат Қалмұқаметұлы

8

Бюджет саясаты департаменті

Республикалық, мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттің, Ұлттық қордың көрсеткіштерін болжамдау және талдау. Бюджет саясатын, бюджетаралық қатынастар саясатын қалыптастыру, бюджет жүйесін жетілдіру және дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ бюджет жүйесінің жұмыс істеуін әдіснамалық қамтамасыз ету.

Хисматуллин Вагиз Раилович

9

Салық және кеден саясаты департаменті

Салық және кеден саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жүргізуге арналған келісімшарттар жобаларына экономикалық сараптама жүргізу. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мен бюджетке кірістер түсімдерін болжамдау.

Такиев Мәди Төкешұлы

10

Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті

Мемлекеттік мүлікті басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру, оның ішінде корпоративтік басқару сапасын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Қалиева Динара Әміржанқызы

11

Экономика салаларын дамыту департаменті

Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және коммуникация, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, экология, ғарыш индустриясы салаларындағы экономикалық дамудың стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Байбазаров Нұрлан Серікұлы

12

Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті

Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыш саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру, пайдалану және басқару тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ банк, зейнетақы, сақтандыру секторы, исламдық қаржыландыру және қор нарығы саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Өзбеков Ғалым Нұрмаханбетұлы

13

Инвестициялық саясат департаменті

Мемлекеттік инвестициялық саясатты, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, бюджеттiк инвестициялар мен кредит беру саласындағы саясатты қалыптастыру. Мемлекеттік органдардың халықаралық қаржы және экономикалық ұйымдармен, донор елдермен өзара іс-қимылы бойынша жұмысты үйлестіру.

Тұмабаев Қуат Мұхитұлы

14

Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті

Сыртқы сауда қызметі саласында мемлекеттік саясатты, сондай-ақ кедендік-тарифтік, тарифтік емес реттеу және сауда шараларын қолдану жолымен отандық өндірісті дамыту мен қолдау үшін жағдай жасауға бағытталған Қазақстанның сыртқы сауда режимін қалыптастыру. ДСҰ-ға кіру бойынша Қазақстанның келіссөздер позициясын әзірлеу мәселелері бойынша меморгандар қызметін үйлестіру.

Кушукова Жанель Сабырқызы

15

Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті

Алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңдардың жобаларын және Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімдерінің тиісті жобаларын әзірлеу, үш жылдық кезеңге арналған шоғырландырылған, мемлекеттік және республикалық бюджеттердің көрсеткіштерін болжамдау, бюджеттік жоспарлау жүйесінің жұмыс істеуін әдіснамалық қамтамасыз ету.

Тоқабекова Жәмиля Талғатқызы

16

Әлеуметтік саланың бюджеттік бағдарламаларын жоспарлау департаменті

Денсаулық сақтау, білім және ғылым, әлеуметтік қамтамасыз ету, жұмыспен қамту және көші-қон, мәдениет, ақпараттық кеңістік, спорт және дін саласында бюджеттік жоспарлау.

Асылова Бибігүл Амангелдіқызы

17

Қорғаныс, құқық қорғау жүйесі және мемлекеттік органдар саласындағы бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау департаменті

Қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, құқық қорғау және сот жүйесі, мемлекеттік басқару саласында стратегиялық жоспарлау мәселелерін үйлестіру. Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік органдары, құқық қорғау жүйесі, құқықтық және сот жүйесі, мемлекеттік органдар саласындағы бюджеттік жоспарлау.

Кучерова Светлана Александровна

18

Өнеркәсіп, көлік және коммуникация саласындағы бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау департаменті

Индустриялық-инновациялық даму, отын-энергетикалық кешен, шағын және орта бизнесті дамыту және сауда, байланыс, көліктік-коммуникациялық кешен, ғарыштық қызмет, бәсекелестікті қорғау және табиғи монополияларды реттеу салаларындағы бюджеттік жоспарлау.

Жексембаев Қуандық Аманжолұлы

19

Агроөнеркәсіп кешені, табиғи ресурстар, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау департаменті

Агроөнеркәсіп кешені, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті істері басқармасының мәселелері саласында бюджеттік жоспарлау.

Мажренова Алмагүл Балтабайқызы

20

Корпоративтік даму департаменті

Министрліктің Стратегиялық жоспарының стратегиялық бағыттары мен басымдықтарын қалыптастыру. Персоналды басқару саласында бірыңғай кадрлық саясатты іске асыру. Адами ресурстарды басқарудың тиімді жүйесін құру және дамыту. Корпоративтік мәдениетті қалыптастыру. Министрлікте мемлекеттік тілді қолдану жөніндегі жұмысты үйлестіру және құжаттаманы редакциялау.

Садықова Әсел Сайранқызы

21

Ішкі әкімшілендіру департаменті

Министрліктің бухгалтерлік және қаржылық есебін жүргізу. Құжат айналымын ұйымдастыру.Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жоспарлау және сатып алу. Министрліктің қызметін ақпараттық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету.

Әбдікешов Алмат Жанболатұлы

22

Заң департаменті

Министрліктің қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, Министрліктің заңнамаларды қолдану тәжірибесін жинақтау.

Қаппасов Сабыржан Мажитұлы






lists
lists